Қазақстан атынан жарысқа қатысып жүрген теннисші Александр Бублик Ресей ұлттық құрамасына оралғаны туралы қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Менің Ресей құрамасына оралатыным туралы бұқаралық ақпарат құралдарында таралып жатқан қауесет - жай ғана орынсыз әзіл. Мен Қазақстан атынан екі жыл бойы өнер көрсетіп жүрмін, және Қазақстан туы астында жалғасты бақ сынайтын боламын», - деп жазды спортшы Instagram Stories-інде.

Айта кетейік, бұл ақпарат 1 сәуір күлкі күні жарияланған болатын.