Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаеваның анасы Падишахан Сұлтаналиева Мәскеуде туып-өскен қызы неліктен Қазақстан атынан өнер көрсеткенін айтты.
«Бұл - менің және жолдасымның шешімі. Көбі оның бәсекелестіктен қашып кеткенін айтып жатыр. Ондай ештеңесі жоқ, Элизабет Ресей құрамасында да өнер көрсетті. Бірақ біз Қазақстан атынан шығып Қазақстанды дамытқымыз келді», - деп келтіреді анасының сөзін "Чемпионат" басылымы.
«Әкем қазақ, жайдан жай Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетіп жатқаным жоқ. Мен қазақпын, соны мақтан тұтамын. Халықаралық аренада әнұранымызды естіп, туымыздың көтерілгенін көргім келеді», - деді Тұрсынбаева.