Камила Керімбаева Қытайдың Цюаньчжоу қаласындағы Blossom-Garden Cup ITF Women's Circuit турнирінің алғашқы кезеңінде сүрінді.

Қазақстандық теннисші бірінші айналымда қытайлық теннисші Сун Цзюэден айласын асыра алмады. Қорытынды есеп – 4:6, 3:6.

Айта кетер жайт, аталған турнирде тағы бір жерлесіміз Зарина Дияс өнер көрсетеді.