Болгариялық «Левскидің» бас бапкері Георгий Дерменджиев қазақстандық футболшы Еркебұлан Сейдахметті неге негізгі құрамда шығарғанын айтты.

Сейдахмет Болгария чемпионатында «Ботевке» қарсы ойында бірінші минуттан бастап, алаңға 76 минут өнер көрсеткен еді.

«Бұл матчта шабуылға көп көңіл бөлгіміз келді. Сейдахмет – болашағы бар ойыншы. Оның негізгі құрамда шығуы – дұрыс шешім. Оған көңілім толады, бірақ одан да артық ойнай алатынын білемін», - деді Дерменджиев.