Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Испания жерінде өтіп жатқан "Челленджер" турнирінің іріктеу кезеңін сәтті аяқтады.

Іріктеу кезеңінің соңғы айналымында Евсеев жергілікті теннисші Альварес Варонды жеңді.

1 сағат, 35 минутқа жалғасқан кездесу 7:6, 6:1 есебімен аяқталды.

Осылайша, отандасымыз турнирдің негізгі кезеңіне өтті.