Алматы полициясы Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің көлік айнасын ұрлаған күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл дерекке байланысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

«Қалалық Криминалды полиция басқармасы кешенді тергеу-іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Сыртқы бейнебақылау камераларындағы видео алынып, ұрлық жасаған адамның жеке тұлғасы анықталды», - деді Полицияның ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сондай-ақ, ұрланған затты сатып алған саудагерлер анықталуда.