Щучинск қаласында баскетболдан қыздар арасындағы Қазақстан кубогы аяқталды.

Финалында «Астана Тайгерс» және «Ертіс» командалары кездесіп, астаналықтар 71:32 есебімен жеңіске жетті. Қола жүлдені «Астана Тайгерстің» жастары жеңіп алды.