Қос қазақстандық балуан Саятбек Оқасов пен Аслан Кахидзе Минскте өтіп жатқан еркін күрестен үш дүркін Олимпиада чемпионы Александр Медведь атындағы халықаралық турнирдің жүлдегерлері атанды.

61 келі салмақ дәрежеде жарыс жолына шыққан Оқасов алдымен Тимур Шанбаевты - 9:0, Арби Абакаровты (Ресей) - 10:0, Биджей Футрельді (АҚШ) - 7:1, Егор Понамаревті (Ресей) - 10:0 және ақтық кездесуде ресейлік спортшы Нюргун Скрябиннен басым түсті - 13:7.

Тағы бір отандасымыз Кахидзе 86 келі салмақта  белорусь Александр Хуштинді - 10:0, Адлан Тасуевті - 10:2, Магомед Шахрудиновты (Ресей) - 9:5, өзбекстандық Рашид Курбановты - 7:5 ұпай санымен ұтты. Дегенмен, жартылай финалда ол белоруссиялық Амараджи Магомедовге жол беріп қойды. Қола медаль үшін өткен жекпе-жекте Кахидзе американдық Джон Ридерден асып түсті.