UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор Хабиб Нурмагомедовке твиттерде жауап қайтарды, деп хабарлайды Prosports.kz порталы.

Жақында Хабиб өзінің твиттер-парақшасында жанкүйерлеріне алғыс айтқан болатын.

Макгрегор ресейлік файтердің жазбасының астына мынадай жауап қалдырған екен:

«Сен менімен төбелескен кезде, сенің ақшаңды тартып алды, бауырларыңның көзі көгерді. Сен - жай ғана кішкентай тышқансың!» — деді Конор.