Қазақстандық кәсіпқой боксшы Асхат Уәлиханов (4-1-0, 2 KO) алтыншы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Филадельфияда (АҚШ) өткен бокс кешінде шаршы алаңға шыққан Уәлиханов Пуэрто-Рико елінің 27 жастағы боксшысы Хосе Лопеске (11-1-0, 9КО) есе жіберді.

Бірінші жартылай орташа салмақ санатында (63,5 келі) өткен жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған еді, алайда жетінші раундта техникалық нокаут тіркелді.

Осылайша, 28 жастағы Уәлиханов кәсіпқой мансабындағы екінші жеңілісіне ұшырап отыр. Ал қарсыласы 12 рет жеңіске жетті. Оның тоғызы нокаутпен.

Айта кетейік, бұл кездесу Гвоздик-Нгумбу жекпе-жегінің андеркардында өтті.