Қазақстандық боксшы Асхат Уәлиханов әлеуметтік желідегі парақшасында алдағы жекпе-жегі туралы пікірін білдірді.

Айта кетейік, Асхат Уәлиханов 31 наурых күні пуэрторикалық Хосе Лопеспен жекпе-жек өткізеді.

«Аллаға шүкір, салмақ өлшеуден сәтті өттім. Қарсыласым қарымды боксшы. Хорxе Лопес деген Пуэрто-Рико елінен. Бірақ мен ертеңге кездесуге тас-түйін дайынмын. Қолдау білдіріп, тілекші болып отырған барлықтарыңызға рақмет. Қазақстандық жанкүйерлер жекпе-жегімді 31 наурыз күні QazSoprt арнасынан тікелей эфирде көре алады.», — деп жазды Уәлиханов.