Бірнеше қазақстандық аралас жекпе-жек майталмандары M-1 Challenge 101 турнирінде кездесу өткізеді.

30-наурыз күні, Алматы қаласында өтетін M-1 Challenge 101 турнирінде еліміздің ең мықты спортшылары сынға түседі. Кештің басты кездесуінде Шавкат Рахмонов (10-0) 77 келі салмақта чемпиондық атақ үшін Данила Приказаға (11-2-1) қарсы жұдырықтасады.

Сондай-ақ, Арман Әшімов (11-3-1) жеңіліп көрмеген бразилиялық Кайк Аленкармен (9-0) жекпе-жек өткізеді. Одан бөлек, 70 келіде Азамат Бақытов (4-0) ресейлік Борис Медведевпен (4-0) сынғы түссе, Асу Алмабаев француз Пьер Людемен (5-0), Абылайхан Қадыржан (4-0) 61 келіде Грузия елінің өкілі Бено Адамиямен (5-3-1) сынға түседі.

Айта кетейік, M-1 Challenge 101 турнирі «Халық арена» спорт кешенінде өтеді. «Қазспорт» арнасы турнирді тікелей эфирден көрсетеді.