Су добынан Қазақстан ерлер командасы әлемдік лига аясында өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына шықты.

Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Австралияның Перт қаласында өтіп жатқан әлемдік лига аясындағы Интерконтинентальді турнирдің жартылай финалына шықты. Отандастарымыз ширек финалда Оңтүстік Африка Республикасына қарсы ойнап, 14:8 есебімен жеңді. Енді жартылай финалда Жапония құрамасына қарсы ойнайды.

Еске сала кетейік, Азия ойындарының финалында Қазақстан Жапонияны бір доп айырмасымен жеңіп, чемпион атанған болатын