Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко (7-0, 7 КО) жақын уақытта жекпе-жек өткізеді.

- Барлық қиындықтар артта қалды. Иван жақын арада шаршы алаңға оралады. Қазір жаттығу жұмыстарына кіріскелі жатыр. Келесі жекпе-жегін қайда өтізетінін таңдаудамыз, - деді қазақстандық боксшының менеджері Зия Алиев.

Айта кетейік, 2017 жылы кәсіпқой боксқа бет бұрған олимпиаданың екі дүркін чемпионы 7 жекпе-жек өткізіп, бәрінде уақытынан бұрын жеңіске жеткен.