Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын болгар боксшысы Кубрат Пулевтың басы бәлекеге қалды.

Богдан Динуді жеңгеннен соң Кубрат Пулев журналист Дженни Сушеге сұқбат беріп жатқан сәтінде оның ернінен сүйіп алған. 42 жастағы тілші күліп, боксшыны сұқбаты үшін рақметін айтқан.

Алайда қазір белгілі болғандай Дженни Суше адвокат жалдап, боксшыны сотқа бергелі жатыр. Ал Кубрат Пулевтың өзі Дженни Суше оның досы екенін, жәй ғана әзілдегенін жеткізген.