Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордалық «Барыс» хоккей клубы череповецктің «Северстальін» ұта алмады. 
 
«Северсталь» хоккейшісі Сергей Монахов бірінші болып есепті ашты. Артынша Кэм Баркэр тараз басын теңестірді. Кейін, ойын бітуіне бес минут қалғанда Павел Бучневич «Северстальге» жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп - 2:1. 
 
Дегенмен, «Барыс»  Чернышев дивизионында бірінші орнын сақтап қалды және шығыс конференциясында екінші орында жайғасты. 
 
«Северсталь» (Череповец) – «Барыс» (Астана) 2:1 (0:0, 1:0, 1:1)
 
1:0 – Монахов (Чернов) – 39:01
 
1:1 – Баркер – 53:44
 
2:1 – Бучневич (Стасенко) – 55:42
 
Қақпашылар: Штепанек – Ахонен