Щучинскіде баскетболдан әйелдер арасында Қазақстан кубогы өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жартылай финалда павлодарлық «Ертіс» пен көкшетаулық «Синегорье» кездескен. «Ертіс» қарсыласын 66:40 есебімен оңай жеңді.

Екінші жартылай финалдық матчта нұр-сұлтандық «Астана Тайгерс» өзінің жастар құрамымен кездесіп, 68:55 есебімен ұтты.

Енді финалда «Ертіс» пен «Астана Тайгерс» күш сынасады.