Допинг дауымен ұсталған Алексей Полтораниннің кінәсі дәлелденсе, қазақстандық шаңғышыны ауыр жаза күтіп тұр. Бұл туралы 24.kz сайты жазды.

Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Австрияның Зефельд қаласындағы әлем чемпионаты кезінде ұсталған спортшыларға қатысты өз көзқарасын білдіріп, ереже бұзған спортшыларды қатаң жазаға тарту керек деп мәлімдеді.