«Астананың» колумбиялық шабандозы Мигель Анхель Лопес Әлемдік турдағы «Каталония Вуэльтасының» төртінші кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Екінші орынды австриялық Грегор Мюльбергер (Bora-Hansgrohe) алса, Movistar өкілі Маурисио Солер (Испания) үшінші орын алды.
Осылайша, 4 кезеңнен соң Лопес жалпы есепте көш бастап келеді.
Велоспорт. «Каталония Вуэльтасы». Төртінші кезең.
- Мигель Анхель Лопес («Астана») - 4:02:07
- Грегор Мюльбергер (Bora-Hansgrohe) - +16
- Маурисио Солер (Movistar) - +16
Жалпы есеп.
- Мигель Анхель Лопес («Астана») - 17:31:05
- Саймон Йейтс (Mitchelton–Scott) - +14
- Эган Берналь (SKY) - +17
Комментарии