Шетелдік ExpressNews.com мәліметіне сенсек Геннадий Головкин келесі кездесуінің өтетін жерін таңдауда, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық боксшы шаршы алаңға маусымда оралуы тиіс.

Қазіргі уақытта Головкиннің командасы Сан-Антонио, Нью-Йорк, Лос-Анджелес және Лас-Вегас қалалары арасында таңдау жүргізуде.

Басылымның мәліметінше қазақстандық боксшы Alamodome (Сан-Антонио) аренасына басымдық беруі ықтимал.

Айта кетсек, алдағы кездесудегі Головкиннің қарсыласы кім болатыны да белгісіз.

Естеріңізге салсақ, Головкин соңғы кездесуінде Сауль Альварестен жеңіліп барлық чемпиондық белбеулерінен айрылған.