Ауыр салмақтағы кәсіпқой бокстан абсолютті чемпион Александр Усик WBA белдігінен бас тартпақ. Бұған оның аса ауыр салмаққа ауысуы себеп.

Украиналық боксшы WBA чемпиондығын ресейлік Денис Лебедевке қарсы қорғауы тиіс болатын. Алайда Усик өзге шешім қабылдады. Бұл жөнінде ол өз «Инстаграм» парақшасында хабарлады.

- Мен белдіктен бас тартамын. Оданда жігіттер оған талассын. Дениске тек сәттілік тілеймін, қалған жігіттерге де бақ тілеймін. Бокстасып, шын мықты осы белдікті жеңіп алсын.