Франция құрамасы мен «Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Килиан Мбаппені мадридтік «Реал» сатып алмайтын болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Реал» басшылығы футболшының трансфері үшін 280 миллион еуро беруге дайын болғанын жазған болатынбыз.

Корольдік клуб бапкері Зинедин Зидан «Челси» ойыншысы Эден Азарды өз командасына қосылуға үгіттеуде.

Айта кетейік, «Реал» Мбаппемен 2017 жылы келісімшарт жасасуға дайын еді, алайда ол кезде ойыншы париждік клубты таңдаған болатын.