«Бавария» клубы «Атлетико» қорғаушысы Лукас Эрнандесті қатарына қосқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Эрнандес неміс клубында ағымдағы жылдың 1 шілдесінде ресми түрде ойнайды. 23 жастағы футболшы 5 жылдық келісімшартқа қол қойды.

«Бавария» қорғаушы үшін «Атлетикоға» 80 миллионов еуро төлегенін мәлім етті.