Мәскеулік «Спартактың» бұрынғы қорғаушысы Габриэль Тамаш Израильде мас болып көлікке отырғаны үшін құрықталды. Алкогольді ішімдікке сылқия тойып алған Тамаш қымбат көліктің жылдамдығын қаланың ішінде 205 км/с-ға жеткізген.

digisport.ro сайтының хабарлауынша, спортшының қанында алкоголь мөлшері қалыптыдан үш есе артық екені дәлелденді.
Айта кетейін, Габриэль қазір «Хайфа» клубында ойнап жүр.