Дүниежүзілік бокс сериясы аясындағы топтық кезеңнің соңғы кездесуінде «Астана арландары» польшалық «Poland Hussars» командасымен кездесті.
 
Алматыдағы "Балуан Шолақ" атындағы спорт кешенінде алдымен шаршы алаңға жеңіл салмақтағы боксшылар шықты. 52 келіде Ілияс Сүлейменов қарсыласы Гжегорж Козловскийге ешқандай мүмкіндік бермей өз командасын есепте алға шығарды. 
 
Кейін шаршы алаңға 60 келі салмақ дәрежесіндегі былғары қолғап шеберлері шықты. Аталған салмақта басында Берік Әбдірахманов шығуы керек еді, бірақ "Арландардың" бас бапкері Сергей Корчинский соңғы сәтте өзгеріс енгізіп, Ғани Жайлауовқа алғашқы жекпе-жегін өткізуге мүмкіндік берді. Жерлесіміз польшалық Павел Михелиуспен қолғап түйістірді. Бес раундқа созылған жекпе-жекте отандасымыз басым жеңіске қол жеткізді - 2:0.
 
69 келі салмақ дәрежесіндегі Әлем чемпионы Данияр Елеусінов  Жора Симонянмен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте алғаш рет "Арландар" сапында жұдырықтасқан Данияр Елеусінов қарсыласынан әлдеқайда мықты болып өз командасына жеңіс сыйлады - 3:0.
 
81 келі салмақта Олимпиада ойындарының және Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов алғашқы жекпе-жегін поляк боксшы Казюж Зыциньскийге қарсы өткізді. Отандасамыз қарсыласынан басым түсті - 4:0. 
 
Ал кештің соңғы кездесуінде, аса ауыр салмақта (+91 келі) Астана Арландары намысын украиналық боксшы Армен Симонян қорғады. Ол Поляк командасының украиналық боксшысы Сергей Вервейкомен кездесіп, өкінішке қарай үшінші раундта техникалық нокаутпен ұтылып қалды. Қорытынды есеп - 4:1.