Тоғызқұмалақтан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.Қызылорда қаласында тоғызқұмалақтан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты жалауын көтерді. Чемпионатқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары жəне еліміздің 12 облысынан 250-ге жуық спортшы келді. Жарысқа қатысушылар классика, рапид жəне блиц түрлерінен сынға түседі. Біріншілікке қатысушылар бес күн бойы бақ сынасады. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері 31 наурыз күні белгілі болады.