Қазақстан жастар құрамасы «Antalya cup 2019» халықаралық турнирінде соңғы ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыстың соңғы күні Қазақстан мен Украина жастар құрамалары кездесті. Ойын 2:0 есебімен қарсыластың пайдасына шешілді.

Украина U-21 - Қазақстан U-21 - 2:0 (1:0)

Қазақстан U-21: Данил Устименко (Қ) - Лев Скворцов, Рауан Орынбасар, Талғат Кусяпов, Сағадат Тұрсынбай - Наурызбек Жагоров, Геворг Наджарян, Владислав Прокопенко - Жан-Әли Пайруз, Рамазан Кәрімов, Дмитрий Бачек.

Аға жаттықтырушы - Александр Москаленко.