99-шы мәрте өткізіліп жатқан «Каталония Вуэльтасы» бастауын алды.

Алғашқы кезең Калелья қаласының маңынан басталды. Шабандоздар бесінші дәрежелері таулы аймақтары бар 163,7 шақырымды басып өтті.

Сөреден пелотоннан суырылып алға шыққан бельгиялық шабандоз Томас Де Гендт мәрені бірінші болып кесті.