Голландиялық «Хераклес» клубының ойыншысы Александр Меркель ресейлік «Спорт-Экспресс» басылымына берген сұқбатында Қазақстан құрамасының сапында ақша үшін ойнамайтынын жеткізді.

Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Станимир Стоилов былай деген еді: «Бізде Месси ойнау үшін ақша төлеуге дайынмын, бірақ Меркель үшін төлемеймін». Нені меңзеді екен?

- Жоқ, біз онымен мүлдем сөйлескен жоқпыз. Бұл сөзді алғаш рет естуім. Тек бір нәрсені ғана айта аламын: маған ешкім хабарласпады.

- Демек, сіздің Қазақстан құрамасының сапында ойнауыңыз үшін агентіңіздің ақша сұрағанын білмейсіз ғой?

- Тыңдаңыз, мен Қазақстанда өмірге келдім. Біреу маған ақша төлейтіндіктен емес, отаным болғандықтан азаматтық алуды шештім. Бұл жерге пайда табу үшін келмеймін. Өзімнің отаным үшін ойнауға келемін.