«Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері Владимир Никитенко УЕФА-ның ресми сайтына берген сұхбатында жаңа ойыншысы Артем Милевский жайлы пікірін білдірді.«Артем киевтік «Динамо» сапында 87 гол соқты және Украина құрама сапында 50 кездесу өткізді. Осымен-ақ барлығы түсінікті шығар. Оның талай кездесуін көрдік. Өте мықты футболшы. Қазіргі таңда қандай бабында екінін білмеймін. Милевскийдің Қазақстанға келуі, меніңше жақсы жаңалық», - деді Никитенко. Естеріңізге сала кетсек, кеше «Ақтөбе» ресми түрде Милевскиймен келісімшартқа отырды.