Ресей құрамасы Еуро-2020 іріктеу кезеңі аясында Қазақстанға қарсы матчтан кейін киім ауыстыратын бөлмені жинап кетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Қазақстандағы әріптестеріміз, жылы қарсы алып, матчты кәсіби түрде ұйымдастырғандарыңыз үшін рақмет. Іріктеу матчтарында сәттілік!», - деп жазды Ресей құрамасының «твиттері». Бұл жазбамен қатар мұнда тап-таза болып жиналған бөлменің суреті салынды.