Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой рингте әлі де ұтылмай келеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

25 жастағы боксшы пуэрторикалық Луис Эрнандеспен кездесіп, өзінің 11-жеңісіне қол жеткізді. Сегіз раундтан соң төрешілер 79:72 есебімен жеңісті Нұрсұлтановқа берді.

Жекпе-жек Голливудта (Калифорния, АҚШ) Hollywood Fight Nights бокс кеші аясында өткен.