Елордалық «Барыс» хоккей клубы кезекті рет жеңілді. Бұл жолы астаналықтар питердің СКА командасынан айласын асыра алмады.

Бірінші периодта шайба соғылмады. Дегенмен, екінші периодта қос ұжым бір-бірінін қақпасына екі голдан соқты. Артынша, шешуші үшінші периодта ресейлік хоккейші Артемий Панарин өз командасына жеңіс әперді – 3:2.

СКА (Санкт-Петербург) – «Барыс» (Астана) 3:2 (0:0, 2:2, 1:0)

0:1 – Старченко (Жайлауов, Савченко) – 23:11

1:1 – Кетов (Панарин) – 24:12

1:2 – Антропов (Жайлауов) – 25:42

2:2 – Панарин (Семенов, Кетов) – 33:17

3:2 – Панарин (Шипачев) – 43:27

Қақпашылар: Салак – Еремеев