Сербияда туған украиндық шабуылшы Марко Девич «Металлистен» қазандық «Рубинге» көшті.

Арадағы келісімшарт 2016 жылға дейін жопарланған. Шабуылшы «11»-ші нөмірмен өнер көрсетеді.

Девич кәсіби мансабының үлкен бөлігін харьковтің «Металлист» клубында өткізді. Ураинада ол 222 матч өткізіп 98 гол соққан. Сондай-ақ футболшы Украина ұлттық құрамасында 33 ойын өткізіп 6 рет көзге түсті.