Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова испандық Анабель Медина Гарригеспен жұптасып Brasil Tennis Cup турнирінде топ жарды.

Финалдық матчта Шведова мен Медина Гарригес италиандық Франческу Скьявоне мен испандық Сильвию Солер Эспиносадан басым түсті – 7:6 (7:1), 2:6, 10:3.