Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Майамидегі WTA турнирінің 1/32 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жерлесіміз швейцариялық теннисші Белинда Бенчичпен кездесті. 1 сағат 38 минутқа созылған кездесуде қазақстандық екі сетте 6:3, 7:5 есебімен қарсыласынан басым түсті.

Ертең Путинцева 1/16 финалда латвиялық Анастасия Севастовамен кездеседі.