Ертең «Астана Арланс» клубы Бүкіләлемдік бокс сериясы аясында Польша құрамасына қарсы кезекті жекпе-жектерін өткізеді. Дәстүр бойынша кездесу алдында екі команда салмақ өлшеу рәсіміне қатысты.52 келі салмақта арландар намысын Ильяс Сүлейменов қорғайды. Мұның алдында бас бапкер Сергей Корчинский 60 келіде Берік Әбдрахмановты шығармақ болған. Соңғы сәтте жаттықтырушы оны Ғани Жайлауовқа алмастырды. 69 келі салмақта бокстан әлем чемпионы Данияр Елеусінов бес раундттық жекпе-жекте қарсыласы Жора Симонянмен жұдырық түйістіретін болады. 81 келі салмақ дәрежесінде бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері жерлесіміз Әділбек Ниязымбетовтің жекпе-жегін тамашалаймыз. Ал аса ауыр салмақта «арландардың» атынан Армен Симонян шығады. Қарсыласы Польша клубының украиналық легионері Сергей Вервейко.Естеріңізге сала кетсек, «Астана Арландары» Польша былғары қолғап шеберлеріне қарсы наурыздың 1-і күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында рингке шығатын болады. Айта кетер жайт, бұл жекпе-жек кеші арландарыдың соңғы топтық кезеңіндегі кездесуі болмақ.