Танымал Boxingnews24 басылымының журналисі Шон Джонс қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (51-1-2, 34 КО) арасындағы үшінші жекпе-жектің қайда өтуі мүмкін екенін болжап көрді, деп жазады Prosports.kz сайты.

- T-Mobile Arena — бұл «Канелоның» аренасы, бұл «Канелоның» жанкүйерлері. Екінші жекпе-жекте Головкинді таза жеңбегені ешкімді таңғалдырмады. Үшінші жекпе-жек қыркүйекте T-Mobile Arena кешенінде өтуі мүмкін, — деп жазды Шон Джонс.

Айта кетейік, Головкин мен «Канелоның» арасындағы алғашқы жекпе-жекте тең есеп тіркелген болатын. Ал екінші кездесуде мексикалық бкосшы үстем болды. Алайда төрешілердің шешіміне жанкүйерлер мен сарапшылар наразылық білдірді.