Беларусь құрамасы ЕУРО 2020 іріктеу кезеңін сырт алаңда Нидерланды құрамасына қарсы ойынмен бастады.

Ротердамдағы ойын алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. «Астана» және Беларусь құрамасының жартылай қорғаушысы Иван Маевский бұл кездесуде негізгі құрамда алаңға шығып, орталық алаңда «Ливерпуль» жартылай қорғаушысы Вейналдум мен испаниялық «Барселонаның» жаңа ойыншысы Френки де Йонгқа қарсы тұрды.