УЕФА Еуропа Лигасының 1/8 финалында кездесетін барлық жұптар белгілі.

ТМД мемлекеттері арасынан Махачкала шаһарының «Анжи» клубы өнер көрсетуін жалғастырады. Виллиан мен Самюэль Это’о-ның бұрынғы командаластары Голландиялық АЗ-мен ойнадайды. «Севилья» мен «Бетис» арасындағы кездесу үлкен қызығушылық тудырады деп күтілуде. Сондай-ақ «Фиорентина» мен «Ювентустың» текетіресі аса қызықты өтуі мүмкін.

Еуропа Лигасының 1/8 финалдық матчтары наурыздың 13-і мен 20-сы аралығында өтеді.

УЕФА Еуропа Лигасының 1/8 финалында кездесетін командалар:

«Анжи» (Ресей) — «АЗ Алкмар» (Нидерланды)«Валенсия» (Испания) — «Лудогорец» (Болгария)«Наполи» (Италия) — «Порту» (Португалия)«Виктория Пльзень» (Чехия) — «Лион» (Франция)«Бетис» (Испания) — «Севилья» (Испания)«Бенфика» (Португалия) — «Тоттенхэм Хотспур» (Англия)«Ред Булл Зальцбург» (Австрия) — «Базель» (Швейцария)«Фиорентина» (Италия) — «Ювентус» (Италия)