Белгілі SofaScore сараптамалық порталы 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан мен Шотландия құрамаларының матчында ойнаған футболшыларға баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Кездесуде жеңіске жеткен Қазақстан құрамасы сарапшылардан 10 ұпайлық шкаланың 7,01 ұпайын алды. Ал шотландиялық құрамаға 6,59 ұпай берілген.

Жеке ойыншыларға тоқталсақ, ең жоғарғы бағаны қазақстандық Ғафуржан Сүйімбаев алды – 7,9 ұпай. Команда капитаны Исламбек Қуаттың ойыны 7,5 ұпайға бағаланған, ал қақпашы Дмитрий Непогодовта – 7,5.

Шотландиялық құрамадан үздік ойыншы болып қорғаушы Дэвид Бейтс (7,2) танылды.