Қазақстандық Анна Данилина мен ирландық теннисші Эми Баутелл құрған жұбы Францияның Броне қаласындағы ITF турнирінің жартылай финалында сүрінді.  
 
Данилина мен Баутелл жартылай финалдық кездесуде болгариялық Изабелла Шиникова мен украиндық Алена Сотниковадан айласын асыра алмады. Қорытынды есеп – 2:6, 6:2, 7:10.