«Барселона» мадридтік «Атлетиконың» шабуылшысы Антуан Гризманнды қатарына қоспақ.

El Chiringuito басылымының ақпаратына сәйкес, 28 жастағы француз футболшысы каталониялық клубтың сапына жазғы трансферлік кезеңге ауысады.

Бұған дейін Гризманн «Манчестер Юнайтед» пен ПСЖ командаларының біріне ауысады деген сыбыс болған. Алайда ол «Атлетикомен» келісімшарт мерзімін 2023 жылға дейін созды.