АҚШ-та өтетін халықаралық Чемпиондар кубогының ұйымдастырушылары турнирге «Ювентусты» шақырмайды, себебі олар ел биілігі Криштиану Роналдуды абақтыға қамауы мүмкін деп қорқады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұл ақпаратты The New York Times газеті таратты. Естеріңізге салсақ, америкалық модель Кэтрин Майорга «Ювентустың» шабуылшысы 2009 жылы оны Лас-Вегаста зорлады деп айыптаған болатын.

Осылайша, халықаралық Чемпиондар кубогының орнына «Ювентус» Қытай мен Сингапурде жаңа маусымға дайындалуы ықтимал.