Теннистен Ақтөбе қаласындағы ITF Kazakhstan F1 Futures турнирінде қазақстандық теннисші Евгений Королев жартылай финалға жолдама алды. 
 
Ширек финалда қазақстандық теннисші итальяндық Маттео Донатиден басым түсті. Жалпы есеп – 7:5, 6:2. Тағы бір қазақстандық теннисші Денис Евсеев словакиялық қарсыласы Адриану Сикореге 4:6, 5:7 есебімен ұтылып, жартылай финалға шыға алмады.
 
Дегенмен, жұптық сайыста Евсеев пен грузиялық Александр Метревели құрған жұбы Сикорамен мен Марек Семьяннан есесін қайтарды. Қорытынды есеп – 7:6 (7:5) 1:6, 10:7.
 
ITF Kazakhstan F1 Futures турнирі. Ақтөбе (Қазақстан)
 
Жекелей сайыс. 1/4 финалы
 
Алексей Ватутин (Ресей) – Виталий Качановский (Ресей) 6:1, 5:0, кездесуді жалғастыра алмады
Андрей Рублев (Ресей) – Марек Семьян (Словакия) 6:3, 7:5
Евгений Королев (Қазақстан) – Маттео Донати (Италия) 7:5, 6:2
Адриан Сикора (Словакия) – Денис Евсеев (Қазақстан) 6:4, 7:5
 
Жұптық разряд. 1/2 финалы
 
Кирилл Дмитриев (Ресей)/Тимур Хабибулин (Қазақстан) – Ярослав Шило/Андрей Василевский (Беларусь) 6:3, 2:6, 3:10
Адриан Сикора/Марек Семьян (Словакия) – Денис Евсеев (Қазақстан)/Александр Метревели (Грузия) 6:7 (5:7), 6:1, 7:10