Алматылық «Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Андрей Аршавин бразилияқ футболшыларды Ресей құрамасына алу мәселесіне пікір білдірді, деп жазады prosports.kz.

Бәріміз білетіндей, ресейлік футболшы жақында ғана кәсіби мансабын аяқтап, «Зенит» клубының «Сириус» академиясында жұмыс істей бастаған.

Бұған дейін оның бұрынғы командаласы Павел Погребняк ұлттық құрамаға шетелдік ойыншыларды тартуға қарсы емес екенін айтқан.

- Қақпаға бразилиялық легионерді алудың не қажеті бар екенін мүлде түсінбеймін. Мен ұлттық құрамаға шетелдік ойыншыларды алуға қарсы екенімді үнемі айтып жүрмін.

Мәселен, 2018 жылғы әлем чемпионатында жоғарғы көрсеткішке жету үшін біз құрамаға легионерді қостық. Бұның бәрі нәтиже үшін жасалып отыр. Бірақ маңыздысы әлемдік деңгейдегі өз ойыншыларыңды дайындау екенін ұмытпау керек. Сол үшін өзіміздің балаларымызды дайындауымыз керек. Қателеспесем Қазақстан ұлттық құрамасында сырттан әкелінген ойыншылар біздікіне қарағанда аздау. Мен бразилиялықтардың ұлттық құрама сапында ойнауына түбегейлі қарсымын, онсызда олар футзалды жаулап алды.

Мәселен, бір тамыры Ресейден тарайтын Романе Нойштедтер пен Константин Рауштың Ресей құрамасында ойнағанына түсіністікпен қарауға болады. Бірақ Марио Фернандес пен Гильермеге бұндай көзқараспен қарау мүмкін емес. Өйткені олар таза бразилиялықтар. Мысал үшін бір сұрақ, Олар мансаптан кейін қайда өмір сүреді? Балаларының төлқұжаттары қандай? Сол үшін олар Ресей азаматтығын алып, Ресей құрамасы үшін ойнап жүрсе де, бәрібір бразилиялықтар, — деді Аршавин «Известияға» берген сұқбатында