«Авангард» пен «Барыс» арасындағы Гагарин кубогының ширек финалы аясындағы төртінші матч кезінде сәл келеңсіздік орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Атап айтқанда, ойынның екінші кезеңінде аренаның жарығы сөніп қалғандықтан, матч кешіктірілді.

Айта кетерлігі, бұндай оқиға омдық команда алаңында бірінші рет орын алып отырған жоқ. Ақпан айының соңында «Авангард» — «Ак Барс» кездесуі дәл осы жарық мәселесіне байланысты уақытынан кешігіп басталған болатын.