Ақтөбе Орталық стадионында ойын өткізу мүмкін болмағандықтан әрі қосалқы алаңның болмауы себепті, «Ақтөбе» - «Қайрат» арасындағы Қазақстан Премьер-лигасының 3-тур ойыны Қостанай қаласында өтеді. Ақтөбелік клуб баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ойын 31 наурыз күні «Тобыл Арена» стадионында өтеді. Астана уақыты бойынша 14:00-де басталады.