Қазақстандық Гозаль Айнитдинова мен Екатерина Дмитриченко мысырлық Шарм-эль-Шейхта өтіп жатқан Soho Square Egypt W15 турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда қазақстандық дуэт бельгиялық жұп Эмили Кастелейн мен Луну Меерсті екі сетте ұтты - 6:3, 7:5.

Екі теннисші де бүгін турнирдің жекелей сынында жарыс жолына шығады.