УЕФА Еуро-2020 іріктеу кезеңінің ресми добын таныстырды, деп хабарлайды Prosports.kz

Естеріңізге сала кетейік, Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі осы аптада басталады.

Қазақстан құрамасының алғашқы матчы 21 наурызда Шотландиямен, ал екінші ойын 24 наурызда Ресей құрамасына қарсы өтеді.

Іріктеу кезеңінде қазақстандықтар жоғардағы екі құрамадан бөлек, Бельгия, Кипр және Сан-Мариномен кездеседі.